Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде әуе билеттерінің құны төмендер емес

AstanaTV
09.08.2019ж. 20:00
2788
Елімізде әуе билеттерінің құны төмендер емес

Еліміздегілер үшін ұшақ билетінің бағасы қолжетімді болмай тұр. Өйткені көпшілік әуе компанияларындағы тарифтердің қалта көтермейтіндігін айтуда. Тіпті ірі кәсіпкерлердің өзі, табыстарының жартысын ұшақ билетіне құртамыз дейді. Бағасы басқалардан әлде-қайда төмен деген «FlyArystan» бюджеттік компаниясының өзінде билет шарықтап тұр. Ал бұл жағдайды, әуе компаниясындағылар жанармай мен қызмет көрсетуге кеткен шығының есебі сол деп түсіндірді. Әсем Лесбек толықтырады. 

Еліміздегі ішкі рейстер тек орташа табысы бар азаматтар үшін ғана емес, ірі кәсіпкерлер үшін де қол жетімсіз болып тұр. Ақтаулық кәсіпкер Шамрад Телеубаев кем дегенде аптасына екі рет Атырау қаласына іс сапармен ұшатын көрінеді. Ай сайын екі бағыттық билетке 200 мың теңге жұмсайды. Ол осыдан бір жыл, мұндай сапарларға отбасыммен бірге шығатынмын дейді. 

Шамрад ТЕЛЕУБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрындары іс сапарға бала-шағаммен, әйеліммен кететінмін. Қазір ол мүмкін болмай тұр. Себебі билеттің құны жылдан-жылға өсіп барады. Аптасына кем дегенде екі бағытқа 50 мың теңгеге билет сатып аламын. Сонда ай сайынғы тек жолға кеткен шығын 200мыңнан асады.

Әуе компаниялары арасында бағасы басқаларға қарағанда әлдеқайда төменірек «FlyArystan» құрылып еді. Бюджеттік компания 6 бағыт бойынша қатынайды. Билеттер құны егер, жүк пен тамақты аламағанда 4 мың теңгеден басталады. Алайда оның өзін алдын-ала сатып алу қажет. Сарапшы мамандардың айтуынша, бағаның өсуіне лоукестердің әсері бар. 

Денис КРИВОШЕЕВ, САРАПШЫ:

Әуе компанияларындағы бұрынғы баға, мемлекеттің «Fly Arystan» компаниясын шығармағанға дейін арзандау еді. Бастапқыда жаңа әуе желісімен барлық бағытқа қатынау мейлінше арзан болады деп еді. Барлығы бос сөз болып шықты.

Ал компания өкілдері, жұрт арзан билеттерді сатылымға шыға салысымен, талап алып қояды дейді. Бұған дейін компаниямен қатынаған 200 мың жолаушыдан көбі 10 мың теңгеге жетпейтіндей билеттер алған. ӘРі авиакомпания паркі 4 ұшаққа дейін кеңейтілсе, жайлы орындар мен тиімді бағада болмақ. Қазіргі таңда 6 бағытта 6 лайнер қатынайды.  

Ләззат НӘБИЕВА, «FLY ARYSTAN»ЛОУКОСТЕРІНІҢ PR МЕНЕДЖЕРІ:

Жолаушыларға әуе билетін алдын-ала сатып алған тиімдірек. Арзанға түседі. Қазіргі таңда, компания сайтында келесі жылдың сәуір айына дейінгі бағыттар тізімі жарияланып тұр. Құны 10 мыңнан 130 мың теңгеге дейінгі билеттер.

Осылайша лоукестер жылдың соңына дейін әуепаркін төрт ұшаққа дейін кеңейтеміз деп жоспарлауда. Сонда арзан билеттер саны екі есеге көбейеді екен.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ: 

Тағы үш жылда компания ұшақтар санын 15-ке жеткізіп, жолушылардың барлық жағдайын жасауды жоспарлап отыр. Ал әзірге тұрғындарға, билетті қымбатқа немесе алдын-ала төлеммен сатып алудан басқа амал жоқ.

Ә. Лесбек