Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Самұрық-Қазына" ауылдан шыққан балаларды қолдау мен оқыту жобасын қолға алады

AstanaTV
09.08.2019ж. 20:00
2248
"Самұрық-Қазына" ауылдан шыққан балаларды қолдау мен оқыту жобасын қолға алады

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры ауылдан шыққан дарынды балаларды қолдау мен оқыту жобасын қолға алады. Бүгін қор басшысы Ахметжан Есімовті қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оған осындай тапсырма берді. Ол елде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту орталықтары да жетіспейтінін алға тартты. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты. Жалпы "Самұрық-Қазына"-ға әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді атсалысу қажет екенін атап өтті.

М. Дюсекина