Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызметкерлеріне монша салуды жүктеген командир ісіне қатысты тексеріс жүргізілді

AstanaTV
13.08.2019ж. 20:00
2384
Қызметкерлеріне монша салуды жүктеген командир ісіне қатысты тексеріс жүргізілді

Алматы облысында Полиция департаментіне қарасты Жедел әрекет ету арнайы жасағының басшылары үйінде монша салғаны рас па? Жеке құрам қызметкерлері-командирлерінің үстінен осындай анонимді арыз жазған. Әлеуметтік желіде таралған хатта полиция майоры Медет Қамалбеков Талдықорғанда жеке үй, ал Сарқанд қаласында монша салуға қызметкерлерін жұмылдырғаны жазылған. Ал жұмыстағы көліктерді құрылыс материалдарын тасуға пайдаланды делінген. Ішкі істер министріне шағымданған анонимді авторлар- командирдің 15 қызметкерді еш негізсіз жұмыстан қуып, орнына қабылданғандардан пара алғанын да айтады. Алайда қызметтік тексеріс жүргізіп үлгерген Облыстық полиция департаментінің өкілі оқиғаның ойдан шығарылғанын мәлімдеді. 

Сергей НЕЗНАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы жауынгерлер арасында сауалнама жүргізді. Деректер расталған жоқ. Арнайы жасақ командирі тарапынан парақорлық әрекеттер де анықталмады.

Медет Қамалбековтің кім екенін анықтау үшін ғаламторды ақтарған едік. Ол осыдан 12 жыл бұрын қоян-қолтық ұрыста бірінші орын алғаны жазылған. Сосын тек тура 10 жылдан кейін, майор дәрежесіндегі Қамалбеков- жауынгерлік туды Қаратау шыңына шығарған әскерилерді бастапты. 

Д. Қайыртай