Негізгі / Жаңалықтар / Алматылықтар заңсыз жұмыс істеп жатқан дәмханалар жұмысына шағымданды

Алматылықтар заңсыз жұмыс істеп жатқан дәмханалар жұмысына шағымданды

Алматыдағы Ақсай ықшамауданының тұрғындары заңсыз жұмыс істеп жатқан дәмханалар жұмысына шағымданды. Олар "күні бойы қуырылған май мен шоққа пісірілген кәуәптің иісі мен түтінінне тұншықтық" дейді. Мезі болған тұрғындар «Nur Otan» партиясының қалалық филиалынан көмек сұраған. Партия өкілдері бүгін аталған дәмханаларға барып, заң бұзушылық әрекеттердің бетін ашты. Кәсіпкерлік нысандағы жағдайды енді мемлекеттік органдар бақыламақ. Қалалық сәулет-құрылыс басқармасы мен жер инспекциясы мұндағы дәмханалардың әрекетіне заңды түрде жаза қолдануға әрекеттеніп отыр.

Елена ОСЕТРОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Кәуапты қалай болса солай пісіре береді. Оттың күлі мен түтіні бізге қарай келеді. Бұлар заңды бұзып отыр. Онымен тек біздің аула ғана емес, бүкіл қаламыздың экологиясы бұзылып отыр.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Қазір мына кафенің өзіне келіп, біраз заң бұзушылық көрдік. Қалалық сәулет басқармасы бар жер инспекциясы осы жерге тексеруге келеді. Заң бұзушылық болса заңды түрде жаза қолданылады. Ары қарай біздің партия бақылауда болмақ.