$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астана ЛРТ құрылысына ақшаны Халық банк беретін болды

AstanaTV
13.08.2019ж. 20:00
2803
Астана ЛРТ құрылысына ақшаны Халық банк беретін болды

Астана ЛРТ құрылысына ақшаны "Халық банк" беретін болды. Бұл туралы Үкімет кулуарында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. 500 млн доллар несие 3 пайыздық үстемемен алынады. Қосымша 100 млн доллар "Бәйтерек ұлттық" холдингінен аударылады. Осылайша жыр болған жеңіл рельсті көлік жолы құрылысы жақын арада қайта жанданбақ. 

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүкіл Үкіметтің қаулылары қабылданды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да тиісті құжаттамалардың бәрі бекітілді. Енді біз екінші деңгейлі банктермен жұмыс жасап жатырмыз. Үш процентпен келісім бар. Алдағы уақытта жұмыс бастаймыз.