Алдағы жылдың көктемінде Ресейде президент сайлауы өтетіні мәлім. Оппозиционер А.Навальный «Ол бізге Димон емес» сияқты фильмдер түсіріп, митингілер ұйымдастырғанына – протестті – жүйеге қарсы аудиторияны жұмылдыруға күш салғанымен түк шықпайтыны белгілі болды – соттылығына байланысты оның мүмкіндігі жоқ екенін Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова айтты... Ал енді қызық штрих – сайлауға өзін «журналист» деп таныстыратын Ксения Собчак түспек. Ксенияның 2011-12 жылдары билікке қарсы оппозиция қатарында болып, саясатқа кетәрі еместігі байқалған. Бірақ сол жылдары ол «көтерілістің» немен аяқталғаны – оппозицияның бытырауымен аяқталғаны мәлім. Сөйтіп Ксения өзі айтқандай, «демократиялық бағыттағы журналист» болып жүретін... Қыркүйекте оның сайлауға түсетіні – Кремльдің солай шешкені жарыққа шығып кеткен. Енді міне, өзі де ресми мәлімдеді:
Бейнеқыстырма: Ксения Собчак сайлауға қатысатынын мәлімдейді.
Бейнеқыстырма: Иван Ургант Собчакты пародиялап тұр.
Собчакты белгілі юморист И.Ургант пародиялап тұр. Иә, Ксенияның шешімін ирониялап, сарказмға салып жатқандар жетеді. Бұл қадамның астарына үңіліп жатқан салмақты комментарийлер де бар. Себебі ... жаңа да айттық, сайлауға түсу Ксенияның ғана шешімі емес. Үлкен саясаттың үлкен ойыны.
Андрей Колядин, РФ президенті әкімшілігінің бұрынғы қызметкері, саясаттанушы:
Бұл президент әкімшілігі үшін де қызық шешім. Саяси технолог ретінде мен бұл шешімді «дұрыс» деп бағалар едім. Ксения жас әйел, әдемі, жұрт таниды, көзқарасы - оппозиялық, бұқаралық саясат бойынша тәжірибесі бар, кез-келген аудитория мен экранда өзін еркін ұстай алады, нәтижесінде билікке дауыс бергісі келмейтіндердің дауысын жинауына мүмкіндігі мол.
Алексей Чадаев, саясаттанушы:
Бір жағынан, 20-30 жас аралығындағы адамдардың сайлауға баруына ықпалдасуы мүмкін. Сонымен бірге бұл «Навальный тақырыбын» басуға мүмкіндік береді...Еntertainment деген бар, ол – ойын-сауық, edutainment деген бар, ол –оқу мен ойын-сауықтың араласуы, ал бұл жерде біз "politainment" көріп отырмыз. Яғни саясат пен ойын-сауық бір флаконда. Белгілі – бір мағынасында Трамп сол.
Валерий Соловей, саясаттанушы:
Бұл Собчакка да керек. Әйтсе де Собчактың ойлағаны саясат емес, кәсіп. Танымал бола түседі, show-girl ретінде репутациясын арттырады. Ал президент әкімшілігіне не үшін керек... Ол жерде де дискуссиялар болған. Ксения Анатолий қызының ұсынылуына бәрі ырза емес. Кейбірі «сайлау фарсқа айналады» деген. Алайда не үшін «иә!» - Навальный болмайтындықтан, жастардың арынын басу үшін кандидат керек. Ксения сондай кандидат бола алады.
Ксения Путиннің бастығы болған -
Петербург мэрі болған Анатолий Собчактың қызы.Әкесі туралы фильм түсіріп жатқан
ол, жақында Путиннен интервью алған. Сонда шешімін айтыпты. Ксенияның сөзін
«Дождь» телеарнасы келтіреді: «Ол «шешім қабылдауға әркім қақылы, ол үшін
жауапкершілік арқалауға міндетті», деді. Ксения «сезуімше, президентке шешімім
ұнаған сияқты», -деп қосқан. Ұзақ жыл түрмеде отырған, қазір шетелде тұратын
Михаил Ходорковский Твиттерде былай деп жазыпты: Собчактың сөзін тыңдадым. Білесіздер ме,
мұнда бірнәрсе бар! Ол шынымен адамдарға «таңдаусыз сайлау» дегеннің не екенін
ұғуға көмектесе алуы мүмкін.