Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жолаушыны зорлаған жолсеріктерге тағайындалған үкім жойылды

AstanaTV
22.08.2019ж. 20:00
3124
Жолаушыны зорлаған жолсеріктерге тағайындалған үкім жойылды

«Тальго» жолаушылар пойызындағы зорлау оқиғасы жаңа қырынан өрбіді. Жолсеріктерге қатысты үкімнің күші жойылды. Іс прокуратураға кері қайтарылды. Қостанай соты мұндай шешімді бірқатар кемшіліктер анықталғандықтан қабылдадық дейді. Олар іс материалдары мен дәлелдемелер соңына дейін зерттелмеген деп санайды. Айта кетейік, бұл процесс жабық жағдайда өтті.

Асламбек МЕРҒАЛИЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығының атына компания қызметіндегі анықталған кемшіліктерге, атап айтқанда, олардың қызметкерлерінің жұмысы мен мінез - құлқын бақылаудың жауапсыздығы, сондай-ақ сотталғандарға мінездеме беру кезіндегі формалдылыққа қатысты жеке қаулы шығарылды.

Еске салайық, шілде айында «Тальго» пойызының екі жолсерігі жолаушыны зорлағаны үшін 2,5 жылға сотталған еді. Бұл үкім қоғамда қызу талқыға түскен. Көптеген қазақстандықтар мен жәбірленушінің өзі де барынша ауыр жаза талап еткен болатын. Ал сотталғандар ол кезде өз кінәларын мойындамаған болатын. 

А. Төребекқызы