Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда 2 жасар бүлдіршін 8 ай бойы ұйқыдан тұра алмай жатыр

AstanaTV
22.08.2019ж. 20:00
2648
Қарағандыда 2 жасар бүлдіршін 8 ай бойы ұйқыдан тұра алмай жатыр

Қарағандыда екі жастағы бүлдіршіннің ұйқыда жатқанына 8 ай болды. Оны дәрігерлер оята алмай отыр. Соған қарамастан бала жасына сай салмақ жинап, тіпті тістері де уақытылы шығып келеді. Ұйқыдағы сәби жайында тілшіміз әңгімелейді. 

Шынар Бекмағамбетова 8 ай бойы Аяулымның ұйқыдан оянуын күтіп жүр. Айтуынша, сап-сау еңбектеп жүрген кішкентай қыз былтыр желтоқсан айының аяғында кенет есінен танып, облыстық балалар клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен. Алайда әлі күнге дейін дәрігерлер оны оята алмаған. Анасы Аяулымға күн сайын тамақ тасып, қасында бір сағат отырады. Дәл сол кезде қызым көзін ашады,- дейді көз жасына ерік беріп. 

Шынар БЕКМАҒАМБЕТОВА, АЯУЛЫМНЫҢ АНАСЫ: 

Я не могу опустить руки глядя как она на меня смотрит, каждый день открывая глаза плачет. Как будто она просит «мама, сделай что- нибудь», чтобы я наконец- то проснулась, понимаете?

Дәрігерлер Аяулымның халі ауыр екенін айтады. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жасанды аппаратпен демалып жатыр. Оның бас миы зақымдалған. Оның ұзақ ұйқыға кетуіне осы себеп, дейді.  

Нина ДЕРКАЧ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүлдіршіннің бас миы анасының құрсағында жатқанда зақымданған. Ол цитоломегавирус, Епштейн- Барр және қарапайым адам вирусы секілді инфекциялардың әсерінен болған. Бұл вирустар алдымен бас миын, содан кейін ішкі органдарды бүлдіреді. Баланың 4 айлығында диагнозы анықталып, емделгенмен ауру қайта басталды. Біз қолдан келгенше баланы оятуға тырысып жатырмыз.

Шынар Бекмағамбетованың айтуынша, Аяулымды Мәскеулік мамандар қарауға келіскен. Алайда балғынды апарып қарататын анасының қаражатты жоқ.  

Шынар БЕКМАҒАМБЕТОВА, АЯУЛЫМНЫҢ АНАСЫ: 

Мен денсаулық сақтау министрінен қызымды емдеуге, алыс - жақын шетелден мамандар тартуға көмек сұрап хат жаздым. Баламның оянатынына сенем. Оны әр түрлі тәсілдермен, массаж арқылы ма, білмеймін әйтеуір миын оятып көру керек.

Аяулымға елордалық мамандардың кеңесі де көмектесе алмапты. Енді дәрігерлер бүлдіршінді қанша уақыт, жансақтау бөлімінде ұстай алатындарын айта алмайды.  

А. Қуаш