«Жастар - Отанға!». Оңтүстікте осындай атаумен басталған республикалық жастар саяси лагеріне жүзден астам жас қатысты. «Жас Отан» жастар қанатының ІV съезі аясындағы маңызды шараға келген көшбасшы жастармен кездескен аймақ әкімі шараның маңызына тоқталды. Қазақстандағы жастардың жай-күйі туралы әңгіме өрбіді, жұмыспен қамту бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Саяси лагерьдің жұмысы ресми түрде ашылып, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы маңызды тұстар айтылды. «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Данияр Сүндетбаев жастарды толғандырған бірқатар мәселелердің шешіле бастағанын алға тартты.
Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан » ЖҚ төрағасы:
Бұл жоба Елбасының тікелей бақылауында. Дәл қазір жастарды жұмыспен қамту, оқыту жүріп жатыр. Жоғары оқу орнына түспегендердің арнайы техникалық мамандық алуына мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда, мектептегі біліммен қалып қойған жастармен толыққанды жұмыс жүруде.
Ауқымды
шарада жастар саясатының бүгінгі мәселелері, латын әліпбиіне өтуінің
маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қолдаудың
өзектілігі талқыға түседі. Саяси лагерь аясында жастар үшін маңызды өзін-өзі
дамыту тренингтері мен спорттық-мәдени шаралар өтеді.