Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Келесі жылы бюджет кірісі 1 трлн теңгеге кемиді

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
1868
Келесі жылы бюджет кірісі 1 трлн теңгеге кемиді

Келесі жылы бюджет кірісі 1 трлн теңгеге кемиді. Себебі мұнай саласынан түсім осыншаға азаяды. Бұл туралы Сенатта Республикалық бюджет жобасын қарау барысында белгілі болды. 2018 жылы бюджет кірісі - 8 трлн 578 млрд 3 млн теңгені құрайды.  Ол биылғымен салыстырғанда 1 трлн 050 млрдқа кем. Өйткені мұнайдан түсімдер 1 трлн 900 млрдтай теңгеге азаяды. Бюджет жобасы келесі жылы мұнай баррелі 50-ден 45 долларға  түседі деген есеппен түзілген. Шығыстар - 9 трлн 217 млрдтан астам. Демек, тапшылық бір миллиардқа жуық.  "Рухани жаңғыруға" қанша қаржы қаралғаны да айтылды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

2018 жылы мәдениет пен спортты дамытуға 82 млрд теңге қаралған. Оның ішінде қоғамдық сананы жаңғыртуға 13,5 млрд теңге.

Сенатор Бірғаным Әйтімова  жаңадан құрылған "Қазақтуризм" акционерлік қоғамына бюджеттен қаржы бөлген дұрыс емес дейді. Бұл компанияға қазынадан 635 млн теңге бөлінген еді. Әйтімованың сөзінше, қазына қаржысын әлеуметтік маңызды салаларға бағыттаған дұрыс 

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Денсаулық сақтау жүйесінде проблема жетеді. Өмірлік маңызы бар нысандарға Үкіметте ақша жоқ. Онда неліктен бизнес ортаны қаржыландырамыз. Ол компания кім үшін құрылды? Туризмге ақшаны қайдан аламақпыз? Акционерлік қоғамның президентінен бастап, техникалық қызметкеріне дейін бюджет есебінен асырап сақтауы керек  пе?

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ