$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында 9 жылдан бері ауыз су мен жарықтың мәселесі шешілмей келеді

AstanaTV
22.08.2019ж. 20:00
4271
Алматы облысында 9 жылдан бері ауыз су мен жарықтың мәселесі шешілмей келеді

Алматы облысындағы Кемертоған ауылы 9 жылдан бері су мен жарықтың мәселесін шеше алмай келеді. Ауыл халқы сағаттап берілетін ауыз су жаз басталғалы тоқтап тұрғанына ашулы. Олар әкімдіктің құлықсыз әрекетіне назалы. Кемертоғандағы мәселені Асем Лесбек толығырақ баяндайды. 

Кемертоған ауылы қалаға іргелес тұр. 2003-ші жылдан бері негізі қаланған. Кейін жаңа үйлер салынып керегесі кеңейіпті. Мұнда қазір 700-ден астам тұрғын бар. Бірақ әлі күнге ауыз су мен жарықтан тарағып отыр.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Мына құбыр жүйесі осыдан 8 жыл бұрын жеке кәсіпкерге сенімді басқаруға беріліпті. Алайда кепілдік берген мекеме мәселені шешудің орнына, нағыз аптапта судан тарықтырып қоятын әдетіне қайта басты. Жұрт ақырында тіпті адам құсап жуынудан қалдық дейді

Тілеутай ОСПАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Лай болады ішуге невозможно, кір жуа алмайсыз, ішу тұрмақ. Екі күн жоқ, то бір күн жоқ ойына келгенін істеп отыр.

Сабыржан ТҰЯҚБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: 

Напоры жоқ судың, лай ішуге әрбір адам фильтрация қойып отыр. Жарықты жиі өшіреді бізде, жаңбыр жауса жел соқса

Тұрғындар сумен жабдықтауды мойнына алған серіктестік, 2010-шы жылы құбыр жалғап, ауыз су тартуға әр отбасынан 280 мың теңге жинап алғанын жеткізді. Ай сайын әр үй суға 4 мың 100 теңге ақы төлеп келген. Серіктестік басшысы тариф аспаннан алынбағанын, ал су мен жарықтың неге жиі өшетінін түсіндірді.   

Варвара ЛЕШКЕВИЧ, «КӨК ДАЛА-СЕРВИС» ЖШС БАСШЫСЫ: 

Қазіргі таңда бізде тариф бағамы 236 теңге 41 тиын. Бұл жаңартылған тарифтер, антимонополиялық комитеттің келісімімен қойылған. Ал біздің жұмысшылар соның 37 мың теңгесін ғана алады. Әрине мұндай жалақымен күні-түні жұмыс істеуге ешкім келіспейді. Сондықтан су мен жарық жиі сөнеді.

Сондай-ақ, мекеме басшысы алдағы уақытта тарифтің құны 400 теңгеге дейін көтерілетінін айтты. Жағдайға қанық жергілікті билік, ауылдағы ауыз су мен жарық жүйесі мемлекет қарауына өту үшін бюджеттен қомақты қаржы керек дейді. Бірақ ақша көлемін айта алмады.   

Өміржан АПСАМАТОВ, ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Ол көшелердің су мен жарығына бағалары жасалынды. Арыз берілді енді мемлекет тарапынан бюджеттен ақша бөлінсе мемлекеттің балансына өтеді.

Әкімдік ауыл мәселесін 9 жылдан бері шеше алмай келеді. Ал, қарапайым халық жекеменшік мекеменің қазанын толтырып отыр. Екі арада тұрғындар су мен жарықтың зардабын тартуда. Бұл қашанға дейін жалғасынын ешкім дөп басып айта алмайды.  

Ә. Лесбек