Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматылықтар коммуналдық жүйеге қол жеткізе алмай отыр

AstanaTV
22.08.2019ж. 20:00
2121
Алматылықтар коммуналдық жүйеге қол жеткізе алмай отыр

Алматыдағы Теректі шағын ауданы тұрғындары өркениеттен жұрдай. Олар коммуналды қызметті жекеменшік мекемелерден алады. Ал жүйені үйлеріне тартуға да қыруар қаржыны өз қалталарынан шығаруға мәжбүр. Тіпті жолды да өздері ортақ ақша жинап жасаған. Жергілікті билік болса, проблеманы шешуге әрекет жасамай келеді. Мұнда мектеп те атымен жоқ. Тұрғындар уәжін Нұрсұлтан Біләл тарқатып айтады. 

- 200 мыңнан жоғары каждыйың кіргізсең. Газдың өзіңе 300 мыңдай кетеді. Суға 250 мыңдай ақша кетеді кіргізу үшін, бәрі частный болғаннан кейін. 

Асылбек Төлегенов Теректі шағын ауданына көшіп келген. Газ, су және электрэнергиясын өз қаражатына тартқызыпты. Тіпті коммуналдық қызметтердің тарифі де жоғары дейді ол. Ал, Қарлығаш Әбдиева газ және су құбырларын үйіне кіргізу үшін 600 мың теңгеден астам қаржы жұмсапты. Қаланың электр желісіне қосылуға миллион теңгеге жуық ақша қажет болды деп отыр. Сондықтан да ол жекеменшік мекемелерге жүгінген. Оның өзі көңілкөншітпейді.    

Қарлығаш ӘБДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Кейбір кезде нагрузка болады. Новый стройка болған соң, жұмыс. Елдің бәрі үй салып жатыр. Свет бірде жанады. Қазірдің өзінде бізде свет жоқ. Өшіп қалады. Азанда өшті енді күтеміз. Жазды күні су болмай қалады бізде. Тоже күтеміз.

Бұл шағын ауданның қалаға қосылғанына 2 жылдан асқан. Әу баста жергілікті билік коммуналдық жүйе тартпаған. Есесіне жекеменшік компаниялардың айы оңынан туып тұр. Жарық, газ, судан бөлек, кәріз жүйесі, жол, тіпті мектеп те жоқ. Тұрғындар мәселені атқамінерлерге сан мәрте айтқанмен, құлақ асар жан таппадық деп ашынды. Тағаты мен төзімі таусылған олар өз күшімен жол төсеп әлек. Әр отбасы жылына 30 мың теңге жинап жолды бүтіндеп отыр.   

Асылбек ТӨЛЕГЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Уже енді қалаға кіргеніне 2 жылдан астам уақыт болды. Жолды да өзіміз жасадық. Енді көршілерімізбен жиналып, мынау жолды қолымыздан келгенше көлік жүретіндей, адам жүретіндей қылып жасап жатырмыз. Тас төсейміз жылда.

Біз де әкімдікке барып, түйінді түйіткілдің шешімін сұрағымыз келді. Бірақ, жұмыс уақытының қызған кезінде бірде-бір қызметкермен тілдесу мүмкін болмады.   

- Әкім жоқ, зам жоқ.

- Хотя бы специалист шықсың да.

- Жоқ, ешқайсысы жоқ.  

Жергілікті әкімдік қордаланған мәселені шешуге ниетті ме?! Ол әзірге белгісіз. Жауапсыз қалған сұрақ көп.  

Н. Біләл