Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Альпинистер әлі табылған жоқ

AstanaTV
22.08.2019ж. 20:00
2284
Альпинистер әлі табылған жоқ

Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер әлі табылған жоқ. Іздеу операциясы төртінші күн жалғасып келеді. Әскерилер "Жеңіс" шыңын 14 мәрте ұшып өткен. Бүгін, тіпті, 6 мың метр биіктікке көтеріліпті. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі Василий Пивцов көзбен шолу да, тепловизормен тексеру де нәтиже бермеді деп отыр. Тірі жан көзге түспеген. Ал жаяу барлау мүмкін емес дейді. Себебі қар көшуі ықимал. Қазір әскери қызметкерлер Қарқара лагеріне тұрақтады. Ал адасқан спортшылардың туысқандары іздестіру операциясын тоқтатпауды сұрап отыр. Олар үміттерін үзгісі келмейді. Еске салсақ, тамыздың 19-ы, 3 альпинистің тауда жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Олар ең биік шыңның басына шығып, қалың қардың кесірінен кері түсе алмай қалған. Оларды іздестіруге Қырғызстанның да құтқарушылары жұмылдырылған еді.

Д. Қайыртай