Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көмір ұрлығына жол бермеу үшін бірқатар шаралар қолға алынып отыр

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
3001
Көмір ұрлығына жол бермеу үшін бірқатар шаралар қолға алынып отыр

Жүк пойыздарында тасымалданатын көмірдің ұрлануына жол бермеу үшін бірқатар шаралар қолға алынып отыр. «Әскери күзет» мамандары машинистермен бірге жүріп, тауардың қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігіне қарасты көлік комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Кей елді мекендерде тіпті арнайы топтар жасақталып, әр вагоннан 2-3 тоннадан көмір ұрлау фактілері тіркелген. 

Дмитрий Потлов, ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары:

Көмірді де әскери күзет мамандарының бақылауымен тасымалданатын жүктер қатарына жатқызуды қарастырып отырмыз. Кәдімгі составта 2-3 адам қатар жүріп, жүктің қолды болмауын қадағалайды.

Жеке тасымалдаушылар өз міндеттемелері аясында 2017 жылы 16 млрд теңге инвестиция тартқан. Мұнан өзге жолаушы тасымалына арналған 52 вагон сатып алынды. Бұл үрдісті қайталап, жыл сайын 50 «Тұлпар-Тальго» пойызының жүрдек вагондарын сатып алуды жоспарлап отыр. Ол ескі Испан вагондарын жаңасына алмастыруға көзделген.

Нұрбек Қабижан, ҚР ИДМ Көлік комитеті темір жол көлігі басқармасының жетекшісі:

Осы жылдың аяғына дейін 62 Тальго вагондары сатып алынады. Ол вагондар қаңтар айынан бастап Астана-Лениногорск қатынасы бойынша ескі вагондарын алмастырылатын болады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ