Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жыл басынан бері жер үйдегі өрттен 9 адам қаза тапқан

AstanaTV
23.08.2019ж. 20:00
1858
Жыл басынан бері жер үйдегі өрттен 9 адам қаза тапқан

Жыл басынан бері елордадағы жер үйлерден 170-ге жуық өрт шыққан. Одан 9 адам қаза тапты. Өкініштісі олардың ішінде өрімдей бес бүлдіршін де бар. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мұндай жағдайлар көбіне тұрғындардың салғырттығанан, дейді. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға құлықсыз деп отыр. Мамандар бүгін де үй-үйді аралап, жадынама таратқан. Оларға Данияр Қайыртай еріп барды. 

- Жаз кезінде тазалаймын құбырды. Екі мезгіл. 

Қыдырбай аға қауіпсіздік ережесін жіті сақтаймын дейді. «Қыс шанасын, жаз сайлап» қойған. Сонда да Төтенше жағдайлар қызметкерлері оған улы газ исін сезгіш датчик орнатып берді. Мұндай жабдық Сарыарқа ауданындағы басқа да жер үйлерге тегін таратылды. 

- Егер шиқылдап жатса, назар аударып, мүмкіндік болса далаға шығып таза ауаға, есік-терезені ашып, ауа кіргізу керек. 

Арайлым Сұрағанова төтеншеліктер бұған дейін де арнайы акциямен келгенін айтты. Ол кезде өрт сөндірушілер пештің жарықтарын сылап беріпті. 

- Егер де осындай жарықтар болса, мына үсті жарық болса біз мүмкіндік болғанда сыладық стендерін. 

Жыл басталғалы елордада жеке секторлардан 169 өрт шыққан. Одан 40 адам зардап шексе, 9 адам мерт болған. Оның бесеуі - бала. Құтқарушылар қайғылы жағдайлар көбіне қауіпсіздік ережесін сақтамаудан болатынын айтады. . 

Cаят ӘБІШЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АУДАНЫ ТЖБ ИНЖЕНЕРІ: 

Пештің қасына тез жанғыш заттар қояды, сосын қаңылтыр қағаз деп айтсақ болады, сол пештің астында болуы керек. Яғни күл түскен жағдайда күл жанбауы үшін соның астына қояды және пеш құбырын тазалап отыру керек.

Дүйім елді дүр сілкіндірген ақпандағы оқиға жатақ үйлердің кейбір тұрғындарына сол күйі сабақ болмаған секілді. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, балаларын ересектердің қарауынсыз өрт қауіпсіздігі ережесін ұстанбастан қалдырып кететіндердің әлі де барын айтты. 

Д. Қайыртай