Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қарағанды облысында жаңа өндіріс орындарын ашып, дамытуға электр қуаты жетіспейді

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
3210
Қарағанды облысында жаңа өндіріс орындарын ашып, дамытуға электр қуаты жетіспейді

Қарағанды облысында жаңа өндіріс орындарын ашып, дамытуға электр қуаты жетіспейді. Бұл туралы аймақтың кәсіпкерлері айтты. Олар монополияға қарсы күрес қызметі мен энергетиктердің жұмысын тексеруді сұрайды.  Бизнесмендердің айтуынша, өңірде оннан астам энергобекет жұмыс істеп тұр. Әйтсе де қуат тапшылығы мәселесі шешілер емес. Энергия өндіруші компаниялар болса кәсіпкерлер үшін тарифті қымбаттатудан шаршамайды. Сондықтан, дифференциалды тарифті алып тастау керек дейді,- бизнес өкілдері.

Серік Төрегелдин, Қарағанды облыстық кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы:

Тоқсыз ешқандай кәсіпкерлік болуы мүмкін емес. Тоқ тарифін көтерген сайын, кәсіпкерлер ақсай береді. Кейбір кәсіпкерлер өз затын шығару үшін көп тоқ пайдаланады. Сондықтан ол көп шығынданады. Мәселе сонда тұр.

Өндіруші кәсіпорындардың басшылары үлкен көлемде электр қуатын тұтынатындарға жеңілдік жасауды сұрайды. Кәсіпкерлер проблемасы Қарағандыға арнайы жұмыс сапарымен келген «Атамекен» ҰКП-ның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде талқыланды. Өңірлік палатаға биылғы 9 айда бизнес өкілдерінің құқығын қорғауға қатысты 240-қа тарта өтініш түскен. Оның 15 пайызы мемлекеттік сатып алу, 14 пайызы салыққа қатысты. Қалыптасқан жағдайды түзету үшін үстеме салықты азайту, тарифтерді белгілеу жүйесін реттеу бойынша парламентке ұсыныстар берілді дейді палата өкілдері 

Жігер Әзбергенов, «Атамекен»ҰКП төралқа төрағасының ресми өкілі:

Мысалы, шағын және орта  бизнес туралы айтатын болсақ, арнайы салықтық режим бұрынғы дейгейде сақталып қалды. Әлеуметтік салық 2018 жылдан бастап 1 жарым пайызға төмендейтін болды. Сондай-сондай көптеген мәселелер қарастырылған болатын.