Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елорда оқушыларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірді

AstanaTV
26.08.2019ж. 20:00
3569
Елорда оқушыларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірді

Нұр-Сұлтан қаласында "Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр. №80 мектеп-гимназиясының 80 оқушысы оқуға қажетті құрал-саймандармен қамтылды. Білім күніне арналған тартуға мектеп табалдырығын енді аттағандар, оқуда, шығармашылықта және спортта үздік нәтиже көрсетіп жүргендер ие болды. Сарыарқа аудандық білім бөлімінің мәліметінше, бұл қайырымдылық шараға кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар демеушілік еткен. Айта өтейік, республикалық науқан осымен 11-ші рет өткізіліп отыр. Биыл Елордада 2235 бала дәл осындай көмек алады. 

Дина ШАРБАҚПАЙҚЫЗЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Сумка-рюкзактар берілді. Ішін-бәрін көрдік. Мектепке керек жарақтың бәрі бар. Бала қуанып тұр. Мектепке біз әлі дайындалған жоқ едік. Сезгендей, тосыннан бізге осындай сый жасады мектебіміз.