Елордада «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» атты он үш кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптар жинағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр. Ктаптар топтамасында Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев сынды алыптар өлеңдері жинақталған. Қаламы қарымды ақын жазушыларымыздың туындыларын арнайы құрылған комиссия іріктеп алған.
Мұрат ӘУЕЗОВ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ-ҒАЛЫМ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Біріншіден бұл өте сондай бір жақсы таңдау болуы керек 13 кітап. Ол 13 ақынның кітабы, сол Абайдан бастап, сол Мұхтар Шахановқа дейінгі. Ал енді соның ішінде біздің мықты-мықты ақындар. Және де оны құрастырушылар сол мықты ақындардың жақсы-жақсы өлеңдерін кіргізген. Сондықтан мұны біз құптап қуана қарсы алып жатырмыз. Мен мысалы өзім осындай бастаманың болғаның.