Отандық өнімдерді Өзбекстанға экспорттауға кедендік салықтың жоғарылығы кедергі. Шымкентте жұмыс сапарымен жүрген мәжілісмендерге алкогольсіз сусындар шығаратын кәсіпорын басшысы осылай деді. Тәулігіне 60 мың литр шырын, бөтелкедегі сулар мен энергетикалық сусын шығаратын ұжым тауарының 10 пайызын шетелге жөнелтеді. Әйтсе де Өзбекстан тарапының кедендік төлемі едәуір қымбат. Бұл жағдай өзге ел өнімімен бәсекелесуге біршама кедергі болып тұр дейді кәсіпкер. Зауыттың тыныс-тіршілігімен танысқан депутат Бақтыбек Смағұл отандық өнімді қолдауға барынша қол ұшын созатынын айтты.
Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазір шетелге, көрші мына Өзбекстан еліне біздің өнімдердің барлығына да сұраныстар көп. Сөйте отыра олардың налогтары 6-7 есе қымбат. Ал біздің елге кіріп жатқан шетелдіктердің мысалыға өнімдері ондай жағдай жоқ. Осы мәселелерді игерген дұрыс болашақта. Бұл мәселелердің барлығын біз Парламентте көтеруге тиістіміз.
Ал Алматыда парламент өкілдері кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығының жұмысымен танысты. Дәл қазір мұнда 7 мен 14 жас аралығындағы 18 бала бар. Талапқа сәйкес, өмірдің қиын жағдайына тап болғандарды жарты жылдан соң ата-аналары алып кетеді, - деді мекеме директоры Бибігүл Беркінбаева. Оған дейін балалардың құқығын қуорғау, медициналық жәрдем осы жерде бірілмек. Биыл бірқатарын мектепке дайындаған.
Светлана БЫЧКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз әр өңірдегі осындай балалар туралы әдіс-тәсілдерді, мәліметті біріздендіруіміз керек. Бұл Қазақстанда қанша баланың барын білуге қажет. Әр бала есепте ғана тұрмай, олардың ата-анасы жайлы ақпарат та болуы тиіс. Сол кезде біз осы балалардың кез келген сәтте қаншау және қандай жағдайда екенін біліп отыратын боламыз.
А, Төребекқызы