Қарағандыда қорықшыны өлтірді деген күдікке іліккендерге қатысты сот басталды. Қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өкілдері мен оның өліміне күдікті 7 аңшының қорғаушылары істі прокуратураның қарауына қайта жіберуді сұрады. Алғашқылары жазаны қатаңдатуды сұраса, екінші тарап керісінше жеңілдетуді сұрады. Айтыс - тартысқа толы алғашқы тыңдалымға тілшіміз Айжан Қуаш қатысып қайтты.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Елді дүр сілкіндірген қанды оқиғаға қатысты бұл іс 40 томды құрайды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот 7 айыпталушыдан басқа, 80 куәгерден жауап алуы тиіс.
Күдіктілердің барлығы Қызылорда облысының тумаса. Үшеуі «Кісі өлтіру», 4-уі "Заңсыз аңшылық" баптарымен айыпталып отыр.
Биыл қаңтардың 13-і күні Нұра ауданындағы Ақ қошқар тоғанының маңында броканьерлер 2 табиғатты қорғау инспекторына оқ жаудырып, қуып жеткен Ерлан Нұрғалиевті мылтықпен таяқтың астына алған. Келесі күні қорықшы қайтыс болды. Бүгін сотта аңшылардың 17 киікті атып, мемлекетке 44 млн теңге шығын келтіргені мәлім болды.
Алмат ҚАСҚЫРБАЙ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
Базаров, Қайырбеков, Мырзабеков және Акимовтың тағы да басқа қылмыстық әрекеттері болған. Оны назарға неге алмағаны түсініксіз. Бұл ҚР ҚК 432, 434 баптарымен. Болған қылмысты жасыру және жария етпеу туралы. Олар жаңағыдай Ницыкты өлтірмекші болған, ал жәбірленуші Нұрғалиевті өлтіргендері туралы арнайы мекемелерге хабар бермеген.
Алғашқы отырыста тараптардың өтініш-хаттарының ешқайсы қанағаттандырылмады. Мемлекеттік айыптаушы ондай қажеттілік жоқ дейді.
Қуаныш ЖЕКСЕНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
Алдын ала тергеу барысында сотталушылар ҚК 432,434 айыптау қажеттігі туындаған жоқ. Себебі жинақтаған қылмыстар олардың әрекеттерінде болмаған. Сондықтан жарияланған өтініш уақытынан бұрын жарияланған.
Адвокаттар «Кісі өлтіру» бабын « Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабына ауыстыруды, яғни істі прокуратураға қайта қарауға жіберуді сұрады. Алайда жәбірленуші тарап мұнымен келіспейді. Олар керісінше «заңсыз аң аулау» бабымен айыпталған 4 айыпталушыны «қылмысты жасыру», «жария етпеу» баптарымен жауапқа тартуды талап етті.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Алайда сот өтінішхаттардың барлығын жауапсыз қалдырды. Бұл сұрақтар қанағаттандырыла ма, жоқ па ол екі күннен кейін өтетін басты отырыста жарияланады.
А. Қуаш