Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда үш адамды қасақана қаққан күдіктілер 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда үш адамды қасақана қаққан күдіктілер 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда үш адамды қасақана қаққан күдіктілер 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір олардың біреуі қолға түссе, полиция екіншісін әлі де іздестіру үстінде. Олардың көліктері арнайы автотұраққа жөнелтілді. Қылмыстық іс «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Сондықтан полиция заң бойынша тараптардың өзара татуласуы мүмкін емес екенін айтты. Темір тұлпармен таптап өткенде 2 жігіт жарақат алған еді. Қазір олар ауруханада ем алып жатыр.

- Сбивают людей 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Алматы қаласының төңірегінде осы адамдарды қағып кету дерегіне қатысы бар «А» есімді 95 жылы туылған Еңбекші қазақ ауданы, Алматы облысының тумасы ұсталған болатын. Қазрігі таңда ол өз кінәсін толығымен мойындауда. + Қара түсті тайота Авенсис автокөлікті тізгіндеген адамның аты белгілі, ол міндетті түрде ұсталады. Бұл аса ауыр қылмыс болып табылады, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздеп отыр.