Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

2018 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу бойынша арнайы бағдарлама қабылдануы мүмкін

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
4393
2018 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу бойынша арнайы бағдарлама қабылдануы мүмкін

Келесі жылдан бастап латын әліпбиіне көшу бойынша арнайы бағдарлама қабылдау жоспарланған. Ал одан кейінгі кезекте балабақшаларға арнап латын қарпіндегі оқулықтар әзірлеу ісі тұр. Білім және ғылым министрлігі мемлекет тарихы институтының өкілі Құндызай Ерімбетованың айтуынша, бұл маңызды құжаттың алғышарты әзірленіп жатыр. Қазір арнайы комиссия жұмысын бастаған. Сарапшы өз сөзінде бұл үдерістің айрықша маңызына тоқталды.

Құндызай Ерімбетова, ҚР БҒМ мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Заман талап етіп отырған жағдайда ешқандай қорқыныштың қажеті жоқ. Бірден бір бірегей мемлекет өз шекарасын бекемдеді, рәміздерін де бекемдеді, ендеше Қазақстанның өзінің ұлттық мемлекеттік әліпбиі негізделуі керек.