Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бүгін Рухани келісім күні

AstanaTV
18.10.2017ж. 20:00
3921
Бүгін Рухани келісім күні

Бүгін Рухани келісім күні. Жылдағы дәстүрге сай бұл күні елімізде игілікті шаралар өтеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи мекенде әралуан мәдениетті, дін мен дәстүрлерді ұстанған түрлі ұлттардың тағдыры тоғысты. Қазір 140-қа тарта этнос пен 40 конфессия өкілдері тату ғұмыр кешіп жатыр. Солардың қатарында лютеран дінін ұстаушылар да бар. Рухани келісім күнін Елордадағы Евангелистік Лютеран ғибадатханасы да лайықты атап өтті.

Ғибадатхана 120 адамға арналған. Жобаның бас сәулетшісі - Римма Слободская. Осыдан екі жыл бұрын құрылысы басталған ғимарат бүгінде сәулеті жарасқан ғибадат үйіне айналды. Бұл шіркеудің ашылуы лютерандар үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға  болды деп отыр Евангелистік Лютеран шіркеуінің пасторы Жәнібек.

Жәнібек,  Евангелистік Лютеран шіркеуінің пасторы:

Барлығына үлкен, әдемі шіркеу ұнайды. Біздің ғибадат үйінің есігі әрдайым ашық. Адамдар ағылып келіп жатады. Көкейлеріндегі сұрақтарын да қояды. Біз оларды құшақ жая қарсы аламыз.

Шіркеуге келушілер саны артып келеді. Солардың бірі - ғибадатхананың тұрақты келушісі - астаналық Лилия Кирюхина. Ол бүгін сәбиін шомылдыру рәсіміне әкелді. Айтуынша, бұндай қасиетті рәсім барлық жаманшылықтың қорғаны болып табылады.

Лилия Кирюхина, шіркеуге келуші:

Баламды киелі аруақ қолдасын деп, осы рәсімді жасаттым. Бұл жерге келгенде жаның тазарады. Сәбиімді тіл-көзден қорғау үшін көрсетіп отырамын.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуовтың айтуынша, біздің еліміздің толеранттығы басқа елдерге үлгі болатындай дәрежеге жеткен.

Айдар Әбуов, мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры:

Толеранттылық деген басқа діндерге сыйластықпен қарау ғана емес, сонымен қатар діннің тарихына, дәстүрлерге аса сыйластық таныту. Қазақстандағы халқаралық конфессиялық келісімдер тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты беріп отыр.

Қазақстанның ел бірлігі доктринасында көрсетілгендей, қазір елде 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді. Мұның өзі діндер мен дәстүрлер арасындағы ынтымақтастықты көрсетеді.