Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда жоғары сұранысқа ие мамандықтар тізімі белгілі болды

Алматыда жоғары сұранысқа ие мамандықтар тізімі белгілі болды

Ал Алматыда еңбек жәрмеңкесі. Мегаполисте есепші, жүргізуші, менеджер және қонақ үй қызметкерлеріне сұраныс артқан. Бұл қалада алғаш өткен жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде белгілі болды. Онда маман іздеп 100 мекеме өкілі келген. Ал оларға 500-дей жұмысшы қажет. Тілші жалғастырады. 

22 жастағы БалнұрДанабек жәрмеңкеге жұмыс іздеп келіпті. Егер табылса, өз мамандығы бойынша еңбек етуге дайын. Оқудыжаңа бітірген бойжеткеннің мамандығы - технолог.   

Балнұр ДАНАБЕК: 

Алматы Технологиялық университетін аяқтадым. Сүт және сүт өнімдері мамандығы бойынша.Сол өзім мамандығым бойынша жұмыс іздеуге келдім. Барлығымен сөйлесіпшығамын қазір.

Мұнда екі қолға біркүрек іздеп келгендердің қарасы көп. Дені жастар. Жұмыспен қамту орталығымамандары жәрмеңке туралы хабарландыруды, жүйеде жұмыссыз ретінде тіркелген 35мың азаматтың телефонына жіберген. Тағы 1000 тұрғынға қоңырау шалып, құлаққағысетіпті. Шараға 15 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар қатысаалады.  

Динара БЕЙСЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: 

Жәрмеңкедеұсынылған вакансиялар арасында жүргізуші, менеджер және қонақ үй қызметкерлерібар. Сондай-ақ, сатушы, мұғалім, медициналық білімі бар мамандарды іздейміз.

Фархат САПАРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Жалпы 100-ден астам мекеме бар осында. Әңгімелесу өтеді және жұмыс берушілер өздеріне керекті адамдарды табу - бұл біздің бастымақсатымыз.

Бүгін жәрмеңкегекелген 55 адамның жолы болды. Олар тұрақты жұмысқа алынды. Биыл қалада 29 босжұмыс орындары жәрмеңкесі өткен. Жұмыспен қамту орталығы жыл аяғына дейіносындай шараның тағы төртеуін өткізуді көздеп отыр.  

Ә. Лесбек