Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордалық полицейлер балаларға қызықты мереке ұйымдастырды

AstanaTV
28.08.2019ж. 20:00
2146
Қызылордалық полицейлер балаларға қызықты мереке ұйымдастырды

Сақшылардың сыйлығы. Байқоңыр қаласының полицейлері бір күн бойы аз қамтылған отбасы балаларын балмұздақ пен тәттіге тойдырып, ойын-сауық саябағында ойнатты. Оған қоса мектепке қажет құрал-жабдықтарға толы портфель арқалатып жіберді. Полицейлер ұйымдастырған игі шара балғындар мен ата-аналардың көңілін сергітіп, ерекше көңіл-күйге кенелтті. 

Бұл күн балалар үшін ең жарқын, есте қаларлық ерекше сәт болды. Батут, карусель, әткеншектен бөлек, балмұздақ пен түрлі тәтті тегін таратылды. Байқоңырлық балғындарға ішкі істер министрлігінің жеке құрамы осындай өзгеше мереке ұйымдастырды. 

Аяжан:

Сіздерге көп рахмет, біз сіздердің үміттерінізді ақтаймыз. Апайлардың айтқанын тыңдап, сабақтарды беске оқимыз

Алтынбек АХМЕТОВ, ҚР ІІМ БАЙҚОНЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

Жеке құраммен бір ауыздан осы Байқоныр ғарышындағы көпбалалы және аз қамтылған семьялар арасынан қайырымдылық көрсетуді жөн көрдік. Осы іс-шараның негізгі ұраны «Жүрекке-жол», осы балаларымызға деген, бүлдіршіндерімізге, балапандарымызға өмірге деген серпініс, өмірде, білім ошағында үлкен жетістікке жетуіне үлкен осы акцияны өткіздік -осы балдарымызға үлкен іс-шара ұйымдастырып.

Қазақ халқы ежелден жесірін жылатып, жетімін өзекке теппеген. Гүлнәр Науанова өз ойын осылай жеткізді. Төрт баланың анасы жақында жұбайынан айрылып қалғанын айтты. Қабырғасы қайысып отырғанда қасынан полицейлер табылып, екі баласына мектепке қажетті құрал-жабдық алып бергені үлкен көмек болды,- деді.    

Гүлнәр НАУАНОВА, БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:   

Жалғыз өзім жұмыс жасаймын. Осындай қамқордын арқасында балаларға көңіл бөліп жатқан үшін рахмет айтып. Енді бір балаға кететін сомма айлық табысының барлығы демегенімен, жартысы жетіп қалады.

«Мектепке жол» акциясы Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы 250 баланы қамтыған. Оларға бір айдың ішінде қажетті көмек көрсетіліп, мектепке керек-жарақ, киім-кешек берілді. 

З. Санай