Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ата Заңның әлеуетін арттыру керек

AstanaTV
28.08.2019ж. 20:00
3765
Ата Заңның әлеуетін арттыру керек

Ата Заңның әлеуетін арттыру керек. Бүгін Атырауда Конституцияның 24 жылдығына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға қатысқан тілшіміз тақырыпты тарқатады.

Мемлекеттің даму жолында Ата Заңның рөлі де, орны да ерекше. Өйткені ол адам құқығын қамтамасыз етеді. Тыныштығы мен тұрақтылығы мығым, бейбіт елде өмір сүру - ол Ата Заң әлеуетінің арқасы, дейді алқалы жиынға қатысқандар. Олар өткенге көз жүгіртіп, келешегімізді бағамдады.  

Үнзилә ШАПАҚ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Еліміздің негізгі заңының әлеуетін және мемлекетеміздің, қоғамымыздың дамуына қаншалықты алғы шарт қойып отырғандығын осы заңның халыққа беріп отырғандығы, заң нормаларының қаншалықты халық өміріне еніп жатқаны жайлы мәселелер қарастырылады.

Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында бекітілді. Содан бері 5 рет өзгеріс енгізілген. Реформаның қорытындысы бойынша аталған Заңның 25 бабына 33 түзету жасалыпты. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Соған қарамастан бүгінгі ел конституциясы халықаралық стандартқа сәйкес,- дейді. 

Лейла ЖАНҰЗАҚОВА, ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Менің ойымша, Конституцияны тек мемлекет қана емес, әрбір азамат сақтайтын болса, нақты сипатын, нәтижесін көруге болады. Басты ережелер бойынша, біздің конституциямыз халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Сондықтан конституциямызда бекітілген құқықтар халықаралық пактлерде бар. Ол Қазақстанда ратификацияланған.

Жиында сөз алған облыс басшысы, айтылған ғылыми идеялар, мемлекеттің одан әрі құқықтық дамуына жәрдемдесетініне үміттенеміз, - деді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанды дамыған мемлекеттер қатарына жеткізуге Конституцияның мүмкіншілігі де, әлеуеті де толықтай жетеді. Жалпы, көптеген зерттеушілердің пікірінше, Ата Заң әлемдегі адам құндылықтарын дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады. 

Б. Нәдірқызы