Негізгі / Жаңалықтар / Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді. Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған соты осындай шешім шығарды. Соттың пайымдауынша, тергеу органдары істі жан- жақты зерттемегендіктен, сотталушыларға қылмыстық іс баптары дұрыс қолданылмаған. Судьяның пікірінше, тергеушілер қылмыстың қай жерде, қалай жасалғанын дәлелдейтін материалдарды айыптау актісіне енгізбеген. Оқиға орнында қандай әрекеттер болғанын- тек екі тараптың ауызша түсініктемелерінен ғана жинаған. Онымен қоса. сол айыптау актісінің өзінде бір- біріне кереғар жауаптар көп. Мұны сотталушылардың қорғаушылары соталды тыңдауда айтқан еді. Жәбірленуші тарап та «заңсыз аңшылықпен айналысты» деп айтыпталған төртеуге- «қылмыс туралы жария етпеу» және «қылмысты жасыру » баптарын қолдануды сұраған. Еске салсақ, биыл қыста. қаңтардың 13-і күні Нұра ауданындағы Ақ қошқар тоғанының маңында броканьерлер- 2 табиғатты қорғау инспекторына оқ жаудырып, қуып жеткен Ерлан Нұрғалиевті мылтықпен таяқтың астына алған. Келесі күні қорықшы қайтыс болды. Оны ұрған 3 адам «кісі өлтіру» бабымен айыпталды.

А. Қуаш