Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Дариға Назарбаева қайтадан Сенат спикері болып сайланды

AstanaTV
02.09.2019ж. 20:00
2353
Дариға Назарбаева қайтадан Сенат спикері болып сайланды

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып қайта сайланды. Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасында жасырын дауыс беру рәсімі өтті. Барлық 48 депутат Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Дариға Нұрсұлтанқызы Парламенттің жоғарғы палатасына осымен екінші рет төрағалық етіп отыр. Сенатордың жоғары лауазымға қайта сайлануы, оның тамыз айында депутат ретінде тағайындалуымен байланысты. Бұған дейін Назарбаева вице-премьер, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары секілді түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Мен сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін барлық күш-жігерімді және мол тәжірибемді жұмсаймын. Құрметті сенат мүшелері, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші жолдауын тыңдадық. Нақты практикалық міндеттер белгіленді. Ендігі біздің меже - оны заңнамалық деңгейде бекіту. Әріптестерімізді тығыз ынтымақтастыққа шақырғым келеді. Біз күзгі кезеңге арналған жаңа жұмыс жоспарын құрдық.

З. Санай