Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жастар арасында есірткіге әуес жандар әлі де азаймай тұр - Астана ІІД

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
2870
Жастар арасында есірткіге әуес жандар әлі де азаймай тұр - Астана ІІД

Жастар арасында есірткіге әуес жандар әлі де азаймай тұр. Бұл жөнінде Астана қалалық ІІД өкілдері айтты. Ресми мәліметке сай, олар негізінен 20 мен 25 жас аралығындағы қыз- жігіттер.

Профилактикалық шаралар аясында құқық қорғаушылар қаладағы ЖОО студенттерімен кездесу өткізді. "Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел" жобасы аясында өткен шараға  "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы бастамашы болған. Мақсат - жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кездесуге Астана қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері мен белсенді жастар ат салысты. Партия өкілдерінің айтуынша, бұндай кездесулер тек жастар ғана емес, түрлі мекемелердің қызметкерлері үшін де өткізіліп отырады.

Мейрамбек Нұрекешов, Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы:

Бүгін біз студенттер арасында мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру барысында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр және оның алдын алу мақсатында не істелу керек, сондай тақырыпта кішкене айтып өтеміз. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыу бойынша Астана қаласы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметімен көптеген жұмыстар атқарылуда.