Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атырауда рухани келісімді күшейтуге зор үлес қосқандар марапатталды

AstanaTV
19.10.2017ж. 20:00
3710
Атырауда рухани келісімді күшейтуге зор үлес қосқандар марапатталды

Қазақстан толлеранттылық пен гүлденудің айқын үлгісін көрсетіп келеді. Рухани келісім күні қарсаңында Атырауда ұлтаралық татулыққа өлшеусіз үлес қосқан азаматтар марапатталды. "Бұл күн қазақстандықтар үшін аса маңызды", - дейді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев. Елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар бір атаның баласындай ғұмыр кешіп жатқаны белгілі. Аталмыш мереке Атырауда сән-салтанатымен аталып өтті.

Рухани келісім күні Қазақстанда 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Күнтізбедегі бұл мереке  Алматыда өткен бүкіл әлемдік рухани келісім конгресінен бастау алады.  Бұл күн «достық пен татулықтың жарқын бейнесі ретінде қабылданып, ұлтаралық дүрдараздыққа жол жоқ» деп белгіленген. 

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

Елімізді дамытып, жеткен жетістіктерімізді ұстап тұру - бұл барлығымыздың міндетіміз, парызымыз. Осы межелерге жету үшін ең бастысы - қоғамдағы тұрақтылық, дінаралық, ұлтаралық келісім. Себебі осы ұғымдар біздің тұрақтылығымыздың қоғамдық келісімдеріміздің негізі болып келеді.

Рухани келісім күнінің өзге мерекелерден орны бөлек. Бұл Қазақстанның татулық пен сыйластықтың арқасында толағай жетістіктерге жетіп отырғанының айқын белгісі. Ортақ шаңырағымыз Қазақстанның халқын бір мақсат біріктіреді. Бұған бірінші кезекте түрлі ұлт өкілдері мен конфессиялардың қосқан үлесі зор.

Али Сеидов, "Барбанг" күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы:

Қазақ халқына зор алғыс білдіреміз. Мен Тараз қаласының тумасымын. Осында үйренгенім көп. Қазақстансыз өз өмірімді елестете алмаймын. Қайда болсам да, менің отаным - Қазақстан. Осында туып-өсіп, достарым мен жақындарымның арасында өмір сүріп келе жатқаным үшін жаратқанға алғыс айтамын.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан саяси тұрақтылығын сақтап келеді. Елде ұлтаралық татулық берік орнаған. Мұның барлығы Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Осы орайда ұлтаралық татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар атыраулық белсенділер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хизат Сүйінғалиев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Зелимхан Зубариев және саяси-қоғамдық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Любовь Монастырская  да бар.

Дәуренбек Бақдәулет