Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы - өркендеудің кезекті сатысы. Бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар легі тиісті деңгейде қадағалануы керек. Павлодарда «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған арнайы комиссияның кезекті жиыны өтті. Мақсат - мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысына мониторинг жасап, оның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Комиссияның жіті назарында тұрған мәселелер көп. Экологиялық ахуал, Павлодар еркін экономикалық аймағының қазіргі тынысы мен жаңадан ашылған кәсіпорындардың аяқ алысы. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес белгіленген бес мақсатты индикатор тиісті деңгейде орындалуда. Бірақ кемшін тұстары да бар.
Айнұр Мейрамова, «Нұр Отан» партиясы жоғарғы технологияларды дамыту комиссиясы төрайымы:
Жоғарғы
жаққа, әсіресе заң шығарушы органдарға бірқатар жақсы өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жіберілді. Бірден айту керек, олардың
біршамасы қабылданды. Енді олар қарастырылып жатыр. Мәжілісмендер мұны
мақұлдап, бұйыртса, жыл соңына дейін өз қорытындыларын айтып жатар.