Негізгі / Жаңалықтар / Нұр-Сұлтан қаласының белсенділері Президент жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының белсенділері Президент жолдауын талқылады

Бизнеске бет бұратындардың қарасы көбейеді. Мәслихат депутаттары Президенттің кешегі Жолдауынан соң осындай ой түйген. Өйткені кәсіп бастаған адамның алдындағы қорқыныш сейілді дейді. Нұр-Сұлтан қаласында қоғам белсенділері бүгін бас қосып, ел Президентінің Жолдаудағы нақты тапсырмаларын пысықтады. 

Кәсіпкерлер санының көбеюуі ел экономикасының дамуына үлкен серпін береді. Жолдауда Президент шағын бизнеске жасалатын жеңілдіктерді жіпке тізді. Мәслихат депутаты Қайырлы Таукен, бұдан былай кәсіпкерлікке бет бұрушылардың саны артады, - дейді қалалық .

Қайырлы ТАУКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МАСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Бұл көптеген адамдардың бұрын соңды кәсіпкерлікпен айналыспаса да, осы үндеуден кейін, мен өзім ойлаймын, олар міндетті түрде өздерінің қабілетін тексеріп көреді. Себебі 3 жыл деген үлкен уақыт, бизнесті қалыптастыруға. Кәсіпкер ретінде өндірумен айналысатын болса, кейін де, үш жылдан кейін де, бұл қатып қалған догма емес, оларға қосымша жеңілдіктер берілуі мүмкін мемлекет тарапынан.

Жолдауда мәдениет және өнер қызметкерлеріне де мемлекет тарапынан қолдау жасалатыны хабарланды. Бұл жаңалықты әртістер қуана қабылдаған. Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев, қолдауды сезіну шығармашылық адамына үлкен күш береді деп отыр.   

Ернар ЖҰМАТАЕВ, «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Біздің осы театрымызға жаңадан келген, арнайы шақыртумен келген, Алматыдан келген. актерлар үшін бұл өте бір қуанышты жағдай. Яғни былай айтқанда қарқынды жұмыс жүреді деп ойлаймыз. Осы күнге дейін де жақсы болды, енді ары қарай да күш береді ғой. Біздің актерлар үшін қуанышты жағдай болды.

Қала активінің басын қосқан Алтай Көлгінов, Президент қойған міндеттерді орындау үшін азаматтық қоғамды жұмылдыру маңызды екенін атап өтті. 

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Түйткіл мәселерді шешуге ат салысуымыз қажет, бұл әрбір мемлекеттік қызметкерден жоғары жауапкершілікті талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз азаматтардың барлық конструктивті сауалдарын жерде қалдырмайтын, тыңдаушы мемелекет концепциясын іске асыру. Қазақстан президенті қойып отырған осы міндетті орындауға заматтық қоғамды жұмылдыру маңызды деп санаймыз.

Жиынға жиналғандардың пікірінші Президент Жолдауы нақты сипатқа ие. Әрі саяси бәсекенің өсуін, көппартиялы қоғамды қалыптастыруды көздейді.  

Ә. Өмірзақ