Негізгі / Жаңалықтар / Алматылық студенттер лас жерлерде тұруға мәжбүр

Алматылық студенттер лас жерлерде тұруға мәжбүр

Алматылық студенттер қандала қаптаған жатақханада тұрып жатыр. Энергетика және байланыс университетінде оқитындар осылай деді. Студенттер жағдайымен танысқан антикоррупционерлер жағаларын ұстады. Кейбір бөлмелерде жарық жоқ. Ал жастар қажетті жөндеуді өз күштерімен жасаған. 

Алматыдағы энергетика және байланыс университетінің студенттері түгелдей жатақханамен қамтылыпты. Бірақ үш орынға 4-5-уін жайғастырған. Бірақ мұндалық тазалық көңіл көншітпейді. Ал, суға түсу мәселесі тіпті мұңға айналған. 

Әсет АМАНГЕЛДІ, СТУДЕНТ:

Душқа әлі түскен жоқпыз. Ал қай жақта жуынасыңдар сонда? - Оны әлі шешкен жоқпыз. 

Алмас ОСПАНОВ, СТУДЕНТ:

Қабырғалары түсіп жатыр мына, кіріп көруге де болады. Тазалық жағы, едендері өте лас. Жаман жәндіктер жатыр. Бізге оны ескертіп айту керек. 

900 студентке арналған ғимараттың тозығы жеткен. Әсіресе жуынатын орын мен әжетханалардың жағдайы мәз емес. Жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жақында басталған. 

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Байланыс университетіндегі жатақхана көрінісі мынау. Мұнда төрт студентке төрт төсек берілгенімен, бөлмелердегі жөндеу жұмыстары әлі де аяқталмапты. Оны мына үстел үстінде тұрған шелектерден аңғаруымызға болады. Мұнда бөлмені бояйтын бояулар сақталып тұр. 

Алмагүл ТІЛЕГЕНОВА, АЛМАТЫДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жөндеу жұмыстары почти тамыздың аяғында басталды. 02/47 Сізге осындай уақытта аяқталу керек деп айта аламаймын, өйткені қалай бізге материал береді, сомен жөндейміз. Көптен күрделі жөндеу жұмыстарынан өтпеген, косметикалық ремонттардан өтілді. 

Ал, демалатын орындар болғанымен, оған студенттер кіре алмаймыз дейді. Соған қарамастан студенттер айына 10 мың теңгеден жатыни орынға ақша төлейді. Кемшіліктерді анықтаған топ, енді білім беру ұйымы басшыларына тиісті шаралар қолданбақшы.

Саят БАЛҒЫНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЖҚІҚ АГЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұлардың төлеп жатқан жылдық жалақысы сәйкес келмейді. Условия жоқ балаларға, санитария жағынан да, жөндеуді де толық бітірмеген әлі күнге дейін. Студент балалар қайда барып жуынатыны өте қиын жағдай

Оқу орнындағы олқылықтарға аналитикалық талдау жасалынып, арнайы ұсыныс хаттар құзырлы органдарға жолданатын болады. 

Ә. Лесбек