Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шетелдік жұмысшыларға арналған квота қысқартылуы мүмкін

AstanaTV
05.09.2019ж. 20:00
2072
Шетелдік жұмысшыларға арналған квота қысқартылуы мүмкін

Шетелдік жұмысшыларға арналған квота қысқартылуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай ұсыныс жасады. Өйткені елде жұмыс істейтін әрбір екінші шетелдік компания жұмысшылар арасындағы теңсіздікке жол берген. Жергілікті жұмысшылардың табысы шетел азаматтарры алып жатқан айлықтан аз екені анықталған. Тексеріс кезінде мұндай 160 факт тіркеліпті. Мысал ретінде министр Әбу-Даби Плаза құрылысын келтірді. Онда үнді жұмысшысына түскі асқа 3000 теңге қарастырылса, қазақстандықтарға тек 800 теңге көлемінде бөлінген. Бұл теңсіздік құрылыс басында жыл басынан бері 4 жанжалға әкелген.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ :

Еңбек заңнамасын қатаңдату, жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты министрлік квоталарды қысқартуды қолға алады.  

Ә. Өмірзақ