$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жазықсыз тергелгендерге өтемақы ретінде биыл республика қазынасынан 135 миллион теңгеден артық қаржы бөлінген

AstanaTV
05.09.2019ж. 20:00
3989
Жазықсыз тергелгендерге өтемақы ретінде биыл республика қазынасынан 135 миллион теңгеден артық қаржы бөлінген

Заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға төленетін өтемақы көлімі артып келеді. Былтыр дәл осындай өтемақы үшін ел қазынансынан 133 миллион теңге жұмсалса, биылғы 8 айдың өзінде 135 миллионнан асқан. Шығын көлемінің артуына кім кінәлі? Тілшіміз осы сауалға жауап іздеп көрді. 

2017 жылдың қыркүйек айында елордалық тұрғын "Кісі өлтірді" деген күдікпен қамауға алынған. Тергеу барысында жасамаған қылмысын мойындауға мәжбүр болыпты. Араға адвокат араласып, сотта күдіктінің жазықсыз екенін дәлелденеді. Ақтап шыққан қорғаушы Қайрат Қасымханов, 8 ай бойы сергелдеңге түскен тұрғынға моралдық өтемақы да өндіріп берген.

Қайрат ҚАСЫМХАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Азаматтық арыз-талап бердік. Кінәлі болмағаннан кейін, сот үкімі шыққанан кейін. Талап-арызымызда 23 млн сұрадық. Бірақ, Есіл аудандық сотының шешімімен 1 млн теңге жетеді деп санады. Судяны да кінәлай алмаймыз себебі, әр істе сот практика деген бар.

Заңгер өтемақы көлемі аз болғанымен, әділдіктің орнағаны көңілге медеу деп отыр. Тәжірбиелі адвокат мұндай оқиғалардың соңғы кезде жиі орын алып жүргенін айтты. Көпшілік жағдайда оларды ақтап алу мүмкін болмайтынына да өкініш білдірді. Есіл аудандық сотының судьясы Ақсүйрек Сансызбаева да өтемақы талап ететіндер саны көбейгенін растады.  

Ақсүйрек САНСЫЗБАЕВА, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:   

Аудандық сотта өткен жылдың өзінде дәл осындай өтемақы бойынша 14 іс қаралған. Биылғы жылдың 8 айдағы көрсеткішінің өзі 12 деректі көрсетіп отыр. Сотқа өз құқықтарын қорғау мақсатында азаматтар тарапынан өтініштер түседі. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатындардың да жағдайы әртүрлі. Сондықтан біз әр іске жекелей қараймыз. Тергеу нәтижесінде айыпталушының кінәсіз екені анықталса, тергеу амалдары тоқтатылады немесе күдіктілерді ақтау ісі жүргізіледі.

Бұл өз кезегінде бюджетке салмақ салып отыр. Өтемақы төлеу туралы сот шешімін Қаржы министрлігі орындайды. Министрлік жыл сайын қазынадан жазықсыз тергелгендерге бөлінетен қаражат артып отырғанын мәлім етті. Былтыр ел аумағы бойынша 114 азаматтың пайдасына 133 миллионнан артық қаржы жұмсалса, биылғы 8 айда 135 миллион теңге бөлінген.    

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:  

Ал, жоғарыда аталған "Кісі өлтіру " дерегі бойынша кінәлілерді анықтау ісі әлі аяқталмаған. Қазір екі адам күдікті ретінде тергеуге алыныпты.

Ғ. Өтемісов