Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Арыста жарылыстан зардап шеккен ғимараттардың 97 пайызы қалпына келтірілді

AstanaTV
06.09.2019ж. 20:00
2626
Арыста жарылыстан зардап шеккен ғимараттардың 97 пайызы қалпына келтірілді

Арыста жарылыстан зардап шеккен ғимараттардың 97 пайызы қалпына келтірілді. Бүгін осы іске белсене атсалысқандарды мемлекет басшысы марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан 40 адам мемлекеттік сый-сияпат алды. Оның ішінде әскер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, тіпті Арыстың қарапайым тұрғындары да бар. Шаһарды қалпына келтіруге 10 мыңға жуық адам мен 250 компания жұмылдырылған. Президент қала халқын қауіпсіз жерге көшіріп, паналатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көлік жүргізушісі Асқар Әбдіхалық «Лидер» балабақшасындағы 70 баланы қатерден құтқарды. Ал медбике Күмісай Тұманова ауруханада емделіп жатқан балаларды қауіпсіз аймаққа жеткізді. Олар сол сәтте өз өміріне де қауіп келерін ойламастан, тәуекелге бас тікті.

Жарылыс кезінде әлеуметтік маңызы зор нысандар көптеп зақымданған еді. Оларды жөндеуге ұлттық компаниялар күш жұмсады. Президент 12 мың оқушының дер кезінде мектеп қабырғасына оралуына жағдай жасағандарға алғыс айтты. Еске салайық, маусымның 24-сі күні Арыстағы әскери қоймадан жарылыс шыққан. Өңірде төтенше жағдай жарияланған еді. 45 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. 400 тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгініп, 3 азамат қаза тапты. Жауынгерлік оқ-дәрілердің жарықшағы ғимараттардың 85 пайызына зақым келтірген болатын. 

Д. Қайыртай