Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда бұзақы қоғамдық көлікке оқ атты

AstanaTV
06.09.2019ж. 20:00
1795
Павлодарда бұзақы қоғамдық көлікке оқ атты

Павлодарда бұзақы қоғамдық көлікке оқ атты. Полицияның мәліметінше, ер адам пневматикалық қарудан оқ жаудырған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға таңғы уақытта қаладағы аялдамалардың бірінде болды. Қаскөй көпқабатты үйдің екінші қабатынан оқ атқан. Құқыққорғаушылардың айтуынша, бұзақы қоғамдық көліктердің дыбысынан мезі болған. Соны азайту үшін оқ атыпты. Кеше кешкісін де дәл осылай жасаған. Көлік жүргізушілері тек бүгін ғана полицияға шағымданыпты. Оқ аялдамадағы 3 бірдей шағын автобуспен пен 2 үлкен автобустың терезелерін сындырған.

- Сороковой, смотри - два стекла! 

Пулевые отверстия. А да, прям пулевые.

Аталған қылмысқа байланысты күдіктіге «Бұзақылық» бабының 293 тармағы бойынша іс қозғалған. Полицейлер күдіктінің кінәсі расталса, оған 200 мың айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындауы мүмкін екенін айтты.

Алма МҰСАБЕКОВА, ПАВЛОДАР қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады. Бұл 87 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Ө. Қуанар