Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордалық мамандандырылған ХҚКО-да тағы да шу шықты

AstanaTV
06.09.2019ж. 20:00
2588
Елордалық мамандандырылған ХҚКО-да тағы да шу шықты

Нұрсұлтандық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тағы да шу шықты. Техникалық ақауға байланысты мекеме бүгін түске дейін жұмыс істеген жоқ. Осының салдарынан көлік құжаттарын рәсімдеуге келген тұрғындар сағаттап кезекке тұруға мәжбүр болды. {СЮЖЕТ}

- Сіздер айтасыздар, точно қай уақытта білмейсіздер, 10-20 минут болды дейсіздер, мен 3-4 сағаттан бері жүрмін. Ешқандай нәрсе істеп жатқан жоқсыздар, таңертең айтқан 10-20 минут әлі жүрмін.  

Бұл - мамандандырылған ХҚКО-на келген астаналықтардың наразылығы. Ұзын-сонар кезекті айтпағанда, техникалық ақаудың кесірінен құжаттарын қолдарына қашан алатындарын білмейді. Мысалы мен машинамды сатып отырмын. Оның да егесі күтіп отырған шығар. Бір справканы какой-то ала алмай отырмын. Кеше келдім база жұмыс істемейді. Бүгін таңертең 8 жарымнан келіп отырмын. Тағы да істемейді. Қашан істейтіні белгісіз да. Алматыда 5 цон бар. Астана үлкен қала, бірақ 1- ақ цон. 

- Жүйкем жұқарып барады. Бүгін бітіретін жұмыстарым бар еді. Ал мен мұнда кезекте тұрмын.  

Әншейінде төбе көрсетпейтін азаматтарға арналған үкіметтік басқарма басшылығы да табан да табылады қалды. Ол күту залына жиналғандарға, техникалық олқылықтарды реттеу үшін барын салып жатқанын айтты. Төзімі таусылғандар бар ашуын осы жерде үйіп-төкті.  

- Большое скопление людей идет в ваше ответственность. Такого не должно быть. Понимаете? - Понимаю. Раз уж понимате, народу нужно сказать будет или не будет. 

Қайрат АБСАТТАРОВ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл біздің мамандандырылған Цонның ішкі желілерінің ақауынан болып отыр. Сырттан ешқандайда ақау жоқ. Осы ақауларды реттеу үшін, жөнге келтіру үшін біз барымызды саламыз. Таңғы сағат 7/30 нан бастап осы проблемамен айналысып жатырмыз. Шамалы уақытта қосамыз деген үмітіміз бар.

Электронны жүйенің істен шығуы, тек Нұр-сұлтан қаласында ғана тіркелді. Айта өтейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы техникалық олқылықтар осыған дейін де болған. Ол кезде елдегі бірнеше қала Ішкі істер министрлігінің қателігінен зардап шеккен еді. 

А. Мүтәлі