$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Несиесі кешірілетіндердің жаңа тізімі жасалады

AstanaTV
09.09.2019ж. 20:00
4212
Несиесі кешірілетіндердің жаңа тізімі жасалады

Несиесі кешірілетіндердің жаңа тізімі жасалады. Ол үшін әуелде жарияланған 5 санатқа жататындар мемлекеттік органдарға барып, өз мәліметтерін жаңартуы керек. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары осылай деді. Светлана Жақыпованың айтуынша, кей азаматтардың бұған дейінгі тізімге ілінбей қалуына ақпараттық жүйелерде құжаттарының толық болмауы себеп. Ал Президент Жарлығына сәйкес қарызы жабылатын категорияға жатпайтындар да бос даурығып жатқан көрінеді. Вице-министр қосымша мәліметтер алу үшін 111 қысқа нөміріне хабарласуға болатынын ескертті. Айта кетейік, тамыздың 20-сы жасалған тізімге 507 363 адам ілініп, оның жартысынан көбінің қарызы толық өтелді. 

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Уақытпен шектелмейді. Оған қазақстандықтар уайымдамауы керек. Қашан келіп бізге ақпараттық жүйеге тізімге кіріп, ол тізімдер қосымша жасалып, Ұлттық банкке жіберіліп, несиелері өтеледі. Алып отырған несиелері 3 млн-нан аспауы керек, ол - бірінші. Екіншіден, несие коллекторлық компанияға өтпеуі керек.

Д. Қайыртай