Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Нұр-Cұлтанда тағы бір балада жұқпалы менингит анықталды

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
2088
Нұр-Cұлтанда тағы бір балада жұқпалы менингит анықталды

Абай болыңыздар! Елордада тағы бір баладан жұқпалы менингит ауруы анықталды. Бұл жолы мектеп оқушысы ауруханаға түскен. Ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр. Ал мамандар аурудың маусымдық өршу кезеңі- басталды!- дейді. 

Бүгін таңертең осындай хабарлама алған Елена балаларын мектепке жібермепті. Нөмірі 45 орта мектептің 8-сынып оқушысынан менингит диагнозы анықталған. Еленаның айтуынша, мектеп басшылығы жұқпалы аурудың басқа балаларға тарамауы үшін жеткілікті шараларды қолданбаған.  

Елена ДАЛИЕВА АТА-АНА:

Мұндай вирустық ауру үшін тек еден жуып, сыныпты желдету жеткіліксіз. Балалар ешқандай қорғалмаған. Менің ойымша, тым болмағанда 2 күн мектепті жауып толықтай тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Біз балаларымызды мектепке жұқпалы ауру жұқтырсын деп жібермейміз ғой.

Ксения ГРУTИЛОВА, 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: 

Таңертең анам ата-аналар чатында мектепте 8 сыныпқа карантин жарияланғанын есітіп, бұл өте қауіпті екендігін айтты. Сондықтан мектепке бармадым. Бүгін сыныпқа тек 3-4 оқушы ғана келген.

Мектеп басшылығының айтуынша бұл жай ғана маусымдық вирустық инфекция.  

Сәуле СЫЗДЫҚОВА, №45 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МЕҢГЕРУШІСІ:  

8-сыныпты біз бөлек сыныпқа көшірдік. Сынып хлормен жуылып, желдетіліп тұратын болады. Енді бұл сыныпта карантин жарияланды. Қорқуға ешқандай себеп жоқ. Мектеп оқушыларды қабылдауды жалғастыра береді.

Бұған дейін №30 «Қайнар» балабақшасында екі бірдей бала менингит жұқтырып ауруханаға түскен еді. Мұндағылар бәле мектеп оқушысынан келді деп отыр.   

Роза ИСЖАНОВА, №30 «ҚАЙНАР» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: 

Бұл бала негізінде мектепте ағасы ауырған. Негізінде сан эпид станциядан айтқан оларға «ешқандай не жоқ, бала балабақшаға бара берулеріңе болады. Бұл вирусный гепатит барлық жерде жүріп жатыр» деп.

Күзде бұл ауру өршиді. Сондықтан қазір ауруханада 60 шақты адам жатыр.   

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Жыл басынан бері жұқпалы менингитке 240 адам шалдыққан. Оның 173-і балалар. Олардың көбі толық емдік шараларын қабылдап, үйлеріне жіберілген. Қазір тек 58 бала мен 3 ересек ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

Мамандардың айтуынша, менингиттің бұл деңгейі аса қауіпті емес. Бастысы жұқпалы ауруды үй жағдайында емдемей, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн.   

Ж. Әшір