Негізгі / Жаңалықтар / Ең бай қытайлық Джек Ма қызметін аяқтады

Ең бай қытайлық Джек Ма қызметін аяқтады

Forbes журналының мұқабасында жарияланған тұңғыш қытайлық кәсіпкер Джек Ма отставкаға кетті. Бұл шешімді қабылдау туралы ол бір жыл бұрын мәлімдеген. Енді 1999 жылы негізі қаланған Alibaba Group-тің төрағалық қызметін Даниэль Чжанға тапсырды. Деректерге сүйенсек, былтырғы жылдың қараша айында кәсіпкердің жағдайы 36 миллиард долларға бағаланған. Джек Ма серіктестікті электрондық коммерция және сандық төлемдер бойынша әлемдегі ең ірі компания дәрежесіне жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында танымал кәсіпкер қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңін оқу эстафетасына қатысып, қытай тілінде өлең оқыды.