Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайлық кәсіпкер сал ауруына шалдыққан балалар үшін арнайы құрылғылар жасайды

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
2902
Қостанайлық кәсіпкер сал ауруына шалдыққан балалар үшін арнайы құрылғылар жасайды

Қостанайда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған құрылғы жасайтын шағын цех іске қосылды. Қарапайым тұрғынның жасап отырған құрылғылары шетелдік өнімдерден бірнеше есе арзан әрі сапалы. Мейрамбек Үркімбаевтың жасаған заттарына сұраныс жоғары. Шаһардағы шағын өндірістің тыныс-тіршілігімен тілшіміз Заңғар Санай танысты. 

Әуелі өзінің науқас баласын қажетті құрылғылармен қамтамасыз еткен қала тұрғыны, енді өзгелерге көмектесуге дайын. Мейрамбек Үркімбаев цехта церебральды параличке шалдыққан балаларға қажетті сырғытпалар, тепе-теңдік сақтайтын және суға түсіретін арнайы құрылғылар мен вертикализатор жасайды.

Мейрамбек ҮРКІМБАЕВ, КӘСІПКЕР: 

Өзімнің балам ауырған кезде көп адамдар маған қаржылай көмектесті. Сосын өзім де ойладым басқа балаларға да менің көмегім тисін деп. Қазақстан бойынша сұраныс бар. Мен істеген заттарымды мысалы Қарағандыға жібергем Алматы, Астана , Петропавл, Қызылордаға осылай жіберіп отырмыз.

Кәсіпкердің әлеуметтік жобасы кәсіпкерлер палатасынан қолдау тауып, үш миллион теңгеге жуық грант ұтып алған. Құрылғы жасауға керек-жарақ, құрал-сайман түгел. Үркімбаев енді қасына бірнеше жұмысшы қабылдап, тарығып отырған талай әлеуметтің тапсырысын орындамақ.  

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: 

Сал ауруына шалдыққан балаларға арналған құрылғының дені Қытай мен Ресейде жасалады.Құны да тым қымбат.Ал қостанайлық шебердің қолынан шыққан бұйымдардың бағасы екі тіпті үш есе арзан.

Тоғыз жастағы Мұхаммед-Ханапия үшін әкесі қолдан жасаған велосипедтің орны бөлек. Бұған дейін орнынан әрең қозғалатын жеткіншекке үш аяқты құрылғы таптырмас ойыншық .Қолдан жасалған қолайлы велосипедтің сырқат балаларға берер көмегі ұшан-теңіз дейді,-анасы. 

Зәмзәгүл ДОСЫМОВА: 

Столға отырғызған кезде бұрын екі аяғын бүйтіп тартып алатын. Осылай тұрады екі аяғы сіресіп. Ал қазір столға отырғанда еркін, екі аяғын жіберіп солай отырады.Ең бірінші Петропавлдан бір кісі тапсырыс берді көріп.Сосын айтты сол бала жүріп кетті депді.Содан кейін біз уверенно өз баламызды отырғыза бердік велосипедке.

Шағын цех қожайыны сал ауруына шалдыққан балаларға арнайы құрылғылар жасау арқылы ақша табуды мақсат тұтпайды. Кәсіпкердің негізгі межесі сырқат балғындардың еңсесін көтеріп,бойын тіктеуіне, дендеген дертінің сәл де болса сейілуіне серпін беру. 

З. Санай