Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 859 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа арызданған

AstanaTV
11.09.2019ж. 20:00
2282
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 859 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа арызданған

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 859 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа арызданған. Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Айгүл Қайдарова, студенттермен өткен сот отырысында мәлімдеді. Бүгінгі сотта отау құрғанына 10 жыл болған ерлі-зайыптының ісі таныстырылды. Маскүнемдікке салынып, отбасының шырқын бұзған күйеуіне әйелі арыз жазған. 

- Скажите у вас есть дети?

- Да, есть.

- Сколько лет, сколько детей?

- Один. 8 лет.

- 8 лет, один ребенок. А вот скажите, вашему ребенку приятно приходит домой и видеть пяного отца?

- Нет.

- Который, материть, оскарбляет маму?

- Нет. 

Судьяның айтуынша, қалалық сот - күніне кем дегенде 20 отбасының ісін қарайды. Арызданушылар көбіне әйел азаматтар, олар жұбайының ішімдікке құмарлығына, жұмыссыздығына, ұрып-соғу жағдайларына шағымданады. 

Айгүл ҚАЙДАРОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШЛІІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Бүгінгі іс-шара отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту, профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Бір қуанатыны, осындай шаралардың арқасында күш көрсету жағдайлары азайып келеді. Мәселен, тұрмыстық мәселелерді шешу үшін құрылған пилоттық жоба аясында біз 673 істі қарасақ, былтыр оның саны 1000-нан асқан еді.

А. Мүтәлі