Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтанда бизнесмендерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
12.09.2019ж. 20:00
1986
Нұр-Сұлтанда бизнесмендерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтанда бизнесмендерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олар жәбірленушінің "Toyota" маркалы автокөлігін алып жатқан жерінен қолға түскен. Арнайы операция кезінде Макаров тапаншасының 11 патроны мен бес патроны бар травматикалық қару тәркіленді. Қылмыстық топ кәсіпкерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап етіп отырған. Күдіктілер қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.