Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы қайта тергелмек

AstanaTV
12.09.2019ж. 20:00
4889
Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы қайта тергелмек

Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды. Полицейлер күдікке іліккендерді облыс орталығына шақыртып, екінші рет генетикалық экспертиза тағайындады. Ал 13 жігіттің ата-анасы жәбір көрген қызға қарсы шағым түсірмекші. Заңғар Санай сабақтайды. 

Күдікке ілінген 13 адамның ата-анасы бүгін облыстық полиция департаментінің алдына келді. Олар қылмыстық істің тоқтатылуын, балаларының қуадалауға түспеуін талап етті. Екі жылға жуық созылған тергеу сергелдеңге салып, күйзеліске ұшырадық дейді. Барлығы бір ауылда өскен, тіпті кейбірінің жәбірленуші қызбен жақын туыстығы бар көрінеді. 

Гүлнәр САЛЫҚ:

Бұл балалар жамандыққа барады деп бәрі де тәрбиелі отбасынан шыққан. Біреуінің шешесі мектеп директоры. Әртүрлі қарапайым отбасыдан шыққан балалар. Ешкімге жамандық жасайды деп ойламаймын. Сараптама қорытындысын сатып алды дейді. Айлығы шайлығына жетпей отыр деген ата-аналар да бар. Олар жаңағы нені қалай сатып алады. 

Мұрат ОМАРОВ:

Дәл сол уақытта он төрт баланың ішінде менің балам болмаған еді. Астана қаласына кеткен. Органға билетін алып тапсырдым. Доказательство осы. Содан артық не керек. Мынау бір жарым жыл болды не ұйқы, не күлкі жоқ.  

Ата-аналар енді жәбірленуші тарапқа қарсы шағым түсірмек. 13 жігіттің адвокат сараптама қорытындысы теріске шықса, іс тоқтауы тиіс деп отыр.

Тектен текке неге қудалайды. 13 баланың әлгі туған балаға қатынасы болмаса, басқа да адамдар бар ғой. Полиция қызметкерлері іздесін. Анау бала біреуден туып отыр ғой қалай болса да. 129 бап бар. Жала жапқаны үшін қызға арыз-шағым түсірмекпіз.

Іс материалдарына сәйкес былтыр сәуір айында Екідің ауылының фельдшері 22 жастағы қызды қарау кезінде аяғы ауыр екенін байқаған. Сол кезде жүктілік 28 апта болған көрінеді. Қыздың анасы полицияға арызданып, адам ұрлау, топпен зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қыздың нұсқауы бойынша ауыл жігіттері сұралды. Полицейлер сараптама нәтижесі теріс шыққан соң күдіктілерді ұстауға еш негіз жоқ деген еді.

Қайрат ДҮЙСЕМБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда жәбірленуші тараптың қорғаушысы сот-генетикалық сараптама нәтижесімен келіспейтінін білдіріп отыр. Соған сәйкес қылмыстық істі тергеу қайта қолға алынды. Тағы да генетикалық сараптама тағайындау үшін күдіктілер түгел шақырылды. Бұған дейінгі сараптама Нұр-Сұлтандағы орталықта жасалған. Енді өзге қаланы таңдаймыз. Сонымен қатар он төртінші күдіктіні анықтау шараларын жүргіземіз.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Еске салайын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде заңгер Айман Омарова осы сұмдық оқиғаны баяндап, президенттің жеке бақылауына алуын сұраған еді. Белгілі заңгер жәбірленуші зорлаған жігіттердің бірінен екіқабат болып, босанып алғанын жеткізді. Алайда полицейлер арызданушы арудың берген жауабында жүкті болған уақыты мен зорлық көрген күні сәйкес келмейтінін айтып қалды.