Жыл сайын елдегі әрбір "Бөбектер үйіне" 30-80 бала түседі. Соның 30 пайыздан астамының денсаулығында кемістік бар. Бірақ сонысы үшін олар басқа адамдардан кем өмір сүрмеуі керек. Дұрыс күтсе, оңалтса және аурулардың алдын алса жетімектерді бала сүйгісі келетін отбасылар асырап алуы да мүмкін. «Nur Otan» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева осылай дейді. Былтыр елордадағы сәбилер үйіндегі 25 баланың 8-і жаңа отбасын тапты. Бүгін осы мекемеге тәжірибе алмасу үшін Рудныйдан мамандар келген. Тілші толықтырады.
Алдияр - егіздің сыңары. Туабітті кемістігі болған соң ата-анасы одан бас тартқан. Саусақтары бірігіп кеткен, көзі көрмейді, мұрны мен миында да сырқаты бар. Елордадағы Бөбектер үйіне 3 апталығында түскен тастанды бала қазір 3 жасқа келіп қалды. Мұндағы мамандар оның патологиясына қарамастан бар күтімін жасап жүр.
Лидия ДЕМИДЧИК, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨБЕКТЕР ҮЙІНІҢ ДӘРІГЕР-ПЕДИАТРЫ:
Таза ауаға шығарып, серуендетеміз. Ұзақ уақыт қолға алып жүру қиын - басы ауыр. Сондықтан бесікарбаға жатқызып шығарып жүрміз.
Нина СМАГИНА, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ БӨБЕКТЕР ҮЙІ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
А ребенок, у которого на голове трофические язвы? Его же просто так не перенесешь? Он же весь в повязках. Нашего Азатика, например. - Вы же можете на этот момент эти трофические язвы закрыть. И всё.
Ал Бақыттың туғаннан көзі көрмейді. Оның үстіне орталық жүйке жүйесі жетілмей қалған. Күнделікті қол моторикасымен және жүзумен айналысады. Нәтижесінде қазір бала еңбектеп, аунай бастаған.
Оксана ГРЕЧИШКИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨБЕКТЕР ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ:
Балалар аптасына 3 мәрте бассейнге барады. Бәрі де психогимнастикамен айналасады. Біз оларды бөлмейміз. Себебі олардың қолынан келеді. Біз солай ойлауымыз керек.
Нұр-Сұлтандағы мамандар, ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілін Рудныйдағы әріптестеріне үйретті.
Сәуле КЕНЖЕБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨБЕКТЕР ҮЙІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Идею с гамаком нам подсказали американцы с Питтсбурга. Они нам целый буклет привезли. Там прям гамак нарисован, как ребенок лежит. Он универсальный. Можно неврологических детей и обычных, и как профилактика пролежней. Несет в себе эти функции.
Елордадағы "Бөбектер үйін", жақында қостанайлық әріптестері аралап көрген. Баланы бағып-қағып, сауықтырудың әдістемесін үйреніп қайтты. Енді өз тәжірибелеріне енгізіп жатыр. Ал Рудныйдағы "Сәбилер үйінде" жуырдағы келеңсіздіктерден кейін белсенді жұмыстар қолға алынған.
Данияр ЖАНДАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған балалар үйінің директоры бізге мекеменің жағдайын көрсетіп, толық таныстырып шықты. Біздің түйгеніміз мол. Енді соны жұмыс барысында іске асырамыз. Келесі жылы жобалық сметалық құжаттар дайындап, балалар үйінің шатырын жөндеуді жоспарлап отырмыз.
Дұрыс күтім, қамқорлық, кешенді сауықтырудың арқасында балалар тез жазылып кетеді. Оған қоса асырап алушылар да артады. Бұған елордадағы "Бөбектер үйінің" тәжірибесі дәлел,- дейді Динара Закиева.
Динара ЗАКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен кездесу кезінде қараша айында барлық маманды сертификатталған оқудан өткізуге келістік. Барлық тараптың түсіністік танытқаны қуантады.
Өңірлер арасында тәжірибе алмасу туралы бастаманы «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес көтеріп отыр. Естеріңізде болса, Рудныйдағы "Балалар үйіндегі" олқылықтар партиялықтардың тексерісінен кейін анықталған еді. Тап сондай кенет тексерулер кезінде балалардың қалауы мен қажеттілігін білуге болады. Осы жағдайдан кейін жетімдер үйлерінде тұрып жатқан бүлдіршіндердің тіршілігіне билік пен қоғамның назары ауған еді.