Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәселені көтерді

AstanaTV
13.09.2019ж. 20:00
2441
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәселені көтерді

Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәселені, ел Президенті Бейжіңдегі сапары барысында көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізген. Мемлекет басшысының көмекшісі Мұрат Нұртілеуов бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте хабарлады. Ол бұл мәселені оң нәтижемен шешуге күш салатындарын айтты. 

Мұрат НҰРТІЛЕУОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ:  

Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша СІМ арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өз тарапынан мемлекет басшысы бұл мәселеге көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы пунк ретінде кіретін болады.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 5 жылдан бері Қытай түрмесінде қамауда отыр. Оған шекарадан есірткі тасымалдамақ болды деген айып тағылған. Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016-шы жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді. Қамаудағы қандасымыздың анасы жуырда Президентке видео-үндеу жолдаған болатын. 

А. Бектас