$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Астанада ардагерлердің 7-ші съезі өтті

AstanaTV
20.04.2016ж. 20:00
1560
Астанада ардагерлердің 7-ші съезі өтті

Астаналық ардагерлерге Жеңіс күніне орай бір миллион теңгеден сыйақы беріледі. Елордада өткен республика ардагерлерінің 7-ші съезінде бұл туралы шаһардағы ардагерлер кеңесінің басшысы айтты.

Жиынға өңірлерден 100-ден астам делегат қатысты. Съезд бес жылда бір өтеді. Бүгінгі отырыста атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Жеңістің 70 жылдығына орай  ардагерлер кеңесі 20-дан астам шара өткізгені белгілі. Бүгін елімізде 3 миллионға жуық майдангер бар. Олардың 172-сі Астанада тұрады. 

Сансызбай Есілов, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Жеңіс күні қарсаңында әкімнің ұсынысымен, әкімнің шешімімен соғыс ардагерлеріне 1 миллионннан бюджеттен көмек ретінде қаржы бөлінді. Осы сәуір айының аяғына дейін шоттарына түседі. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА