Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында 4 адам сібір жарасын жұқтырған

AstanaTV
16.09.2019ж. 20:00
2352
Жамбыл облысында 4 адам сібір жарасын жұқтырған

Жамбыл облысында 4 адам сібір жарасын жұқтырған. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылыпты. Олардың аса қауіпті ауруды жұқтырғаны, ауылдағы амбулаторияға жарақаттарын қаратуға барғанда анықталады. Дәрігерлердің айтуынша, сиыр малын сою кезінде қауіпті инфекция қанға тараған. Қазір аурудың ошағы қоршауға алынып, онда арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Ал, күйдіргінің қожалық малдарына қайдан жұққаны әлі анықталуда. 

Гүлфайра МЫРЗАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Сібір жарасы Жамбыл облысы бойынша болған емес, оншақты жыл болып қалды. Науқастардың барлығының жағдайы орта қалыпты, температуралары дұрыс, орнында. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Өйткені, олар уақытылы медициналық мекемеге қаралды. Жиырма күннен аса ем қабылдайды. 

Д. Әлімқұлов