Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Т. Төлешовтен 1 млрд 215 млн теңге өндірілді,- Прокуратура

AstanaTV
16.09.2019ж. 20:00
2001
Т. Төлешовтен 1 млрд 215 млн теңге өндірілді,- Прокуратура

Атышулы экс-олигархтан бюджетке қомақты қаражат түсті. Шымкент қаласының прокуратурасы, кәсіпкер Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілгенін хабарлады. Істі зерделеген құзырлы орган серіктестіктің жарғылық капиталындағы активтер ретінде Төлешовке берілген мүлікті анықтаған. Бұл істі шенділер біраз уақыттан бері жүзеге асыра алмаған. Кейін мемлекеттік сот орындаушы, қала прокуратурасының тікелей араласуымен аталған мүлікке бағалау жүргізеді. Сот шешіміне сәйкес борышкерден жалпы сомасы 1,4 млрд теңге өндірілуі тиіс. Жауаптылар үкімнің әрі қарай орындалатынын айтады. Еске салайық, Тоқтар Төлешов арнайы операция кезінде құрықталды. 2016-шы жылы экс-олигарх 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан заңсыз келген ондаған көлігі, үйі, жер учаскелері, бағалы зергерлік бұйымдары мен қомақты қаражаты тәркіленген болатын.

А. Бектас